Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік себебін түсіндірді

03.10.2026 • 17:19 Қарақат АСЫЛОВА
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік себебін түсіндірді
501

Астана тұрғындары түнгі уақытта қала көшелерінде әскери техниканың көптеп жүргенін байқап, әлеуметтік желілерде фото-видеолар жариялай бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жағдай кейбір тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды.

Мемлекеттік күзет қызметі елордадағы әскери техниканың көбею себебін түсіндірді. Ведомство мәліметінше, бұл 5-6 қазанда Астанада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға дайындықпен байланысты.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалада арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштерінің бөлімшелері жұмылдырылады.

Осыған байланысты Астананың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрады.

Войдите, чтобы оставить комментарий