Әлемде ұшақ билеті қымбаттаған тұста Қазақстан әуе отыны бағасын түсірді

01.05.2026 16:35 Арман Ермеков
Әлемде ұшақ билеті қымбаттаған тұста Қазақстан әуе отыны бағасын түсірді
70
Қазақстан әуе отыны бағасын түсірді/Фото: depositphotos.com

Таяу Шығыстағы қақтығыстар әлемдік компанияларды билет құнын өсіруге мәжбүрлеп жатқанда, Қазақстанда әуе отыны бірден арзандады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұловтың хабарлауынша, қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары билет бағасын бірқалыпты ұстап тұруға толық мүмкіндігі бар.

«2026 жылдың бірінші жартысында Таяу Шығыстағы соғыс қимылдары мұнайдың қымбаттауына әкеліп, әлемдегі ірі әуе компаниялары билет құнын көтеруге мәжбүр болды», – деді сарапшы.

Шетелдік тасымалдаушылар мәселені билетті қымбаттату немесе рейстерді азайту арқылы шешіп жатқанда, Қазақстан бағаны түсіру шараларын алдын ала қолға алған. Бесінші Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы нарықтағы жағдайды қатаң сынға алған соң жанармай бағасы тоннасына $1200 мөлшерінен $940 дейін төмендеп, сәуір айында тіпті $800 түскен.

Үкімет қабылдаған шешімдердің арқасында отандық тасымалдаушылар жанармайды тікелей мұнай өңдеу зауыттарынан немесе «ҚазМұнайГаз-Аэро» кәсіпорнынан жеңілдікпен алады. Оған қоса Орталық Азия бойынша Қазақстан әуежайларында ұшақтарға отын құю құны рекордтық төмен деңгейге жеткендіктен, шетелдік тасымалдаушылар да осында келіп жанармай құюға бейім.

Бұл өзгерістер салауатты бәсекелестікті нығайтудың арқасында жүзеге асып жатыр. Қазір әуе компаниялары сапа мен қолжетімді бағаға басымдық береді және ел ішінде ірі әуе хабтары құрыла бастады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий