Алғашқы некесі сәтсіз болған Маржан Арапбаева әйелдерге ақыл айтты

Әнші Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында алғашқы некесінің сәтсіз болғанын айтып, ажырасқан әйелдерге кеңес берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
”Жасыратын түгі жоқ, ажырасу өз басымнан өтті. Өте көп қорқыныштар болды. Мен қазір кетсем кімге керекпін, балама кім әке болады, қандай адам кезігеді, ендігі кездескен бұдан бетер жаман бола ма екен, ел не дейді деген қорқыныштар болды. Өз өзіңе сенімсіздік деуге болады. Мен бұл мәселемді анама, бауырларыма да айтпағанмын. Мен қазір оны жамандасам, кейін қайта қосылып жатсақ та абыройымыз болмайды деп ойладым. Өзім шешуге тырысатынмын. Сол себепті мен ондай жағдайдағы әйелдерді жақсы түсінемін. Өзіңізші ойлаңызшы, мен танылып келе жатқан әнші болдым. Мансабым жақсы, баспана мәселе болған жоқ, филармониядан үй алдым. Жалақым бар, астымда көлігім бар. Сөйте тұра, менде қорқыныш болды. Ал, көп әйелдер мүлде жұмыс істемейді. Ауылда, жағдайлары жоқ. Олар 5 есе қорқады. Әйелдерге арналған арнайы ұйымдар болу керек деп ойлаймын. Мемлекет қаржылай көмектессе, психологтар жұмыс істесе, 4-5 айда әйелдер өзгеріп, басқа болып шығады. Әйелдерге берер кеңесім — қорықпаңыздар. Қараңғы түнектің артынан міндетті түрде жарық шығады”, — дейді ол.
Соңғы жаңалықтар





