Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды
Фото: Istock

Атырау қаласында 29 қазан күні болған қазандық жарылысынан зардап шеккен азаматтың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазір дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр. Медицина қызметкерлері оның денсаулығын бақылауға алып, емдеу шараларын жүргізуде.

Оқиғадан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының шығынын ғимарат иесі өз мойнына алған. Қазіргі уақытта мамандар жарылыстан сынған және зақымданған терезелерді өлшеп, келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. Оларды қалпына келтіру жұмыстарымен екі мердігер ұйым айналысады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, зардаптарды жою жұмыстары мен жарақат алған адамның жағдайы қала әкімінің жеке бақылауында.

Айта кетейік, оқиға 29 қазан күні таңертең Атыраудағы Авангард-2 шағын ауданында болған. Үш қабатты ғимаратқа жапсарлас орналасқан қазандықта газ-ауа қоспасы жарылған. Нәтижесінде бір адам зардап шекті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу