«Алла қаласа...»: Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын жеткізді

19.01.2026 12:24 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Алла қаласа...»: Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын жеткізді
0
260
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

Танымал әнші Қарақат Әбілдина сахнада жүргеніне 25 жыл толғанын атап өтіп, есеп беру кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қайран жиырма бес...Күні кеше ғана сияқты еді…
Міне, биыл сахнада жүргенімізге де 25 жыл толыпты. Уақыт қалай өткенін байқамай да қалыппыз.
Біздер өнерге бір лек болып ,бір кезеңде келдік.
Қай әншілер екенін айтпасамда түсінген боларсыздар. Өнерден ойып тұрып өз орындарын алған әріптес, достардың әрқайсысымен мақтанамын!», - деп жазды әнші.

Айтуынша, сол уақыттан бері талай нәрсе өзгерген. Ал сахнаға деген сезім өзгермеген. Тыңдарманмен арадағы махаббат та сол қалпы. Ол халыққа есеп беру кешін өткізуді деп жоспарлап отырғанын айтты.

«Биыл әріптестеріміздің біразы сахнадағы 25 жылдықтарын атап өтуді жоспарлаған болар. Осы бір белесті алғашқылардың бірі болып «Музарт» тобы бастамақ. Сәттілік тілеймін. Алла қаласа, алдымыздағы көктемде мен де халқыма есеп беріп, сахнадағы жиырма бесімді атап өтсем деп ойлаймын. Продюсерімнің құлағына алтын сырға @kydyrali_bolman. Осы жылдар ішінде жарыққа шыққаны бар, шықпағаны бар 100 ден аса ән жазылды. Әрқайсысының өз тарихы, өз естелігі бар. Әрине, бәрін бір кешке сыйғызу мүмкін емес. Осы орайда сіздердің пікірлеріңізді тыңдағым келеді, сүйікті көрермен. Концертімде қай әндерімді орындағанымды қалар едіңіздер? Міндетті түрде ескеретін боламыз», - деп оқырмандарына сауал тастады әнші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий