«Алланың өзі жазалады» деген шенеунік мүгедектігі бар адамдардан кешірім сұрады

29.11.2025 15:02 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Алланың өзі жазалады» деген шенеунік мүгедектігі бар адамдардан кешірім сұрады
1554
Фото: коллаж politico.kz

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов медицина министрі Акмарал Әлназарова қатысқан жиында айтқан сөзіне байланысты даудың ортасында қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода шенеуніктің келесі сөздері анық естіледі:

«Мүгедектігі бар адамдарды құрметтеңіздер, оларды Алла тағала онсыз да жазалаған».

Куәгерлердің айтуынша, бұл сөзден кейін залда абыржу пайда болып, артынша наразылық күшейген.

Кейін Қанат Есболатов көпшілік алдында өз сөзін сәтсіз жеткізгенін мойындап, кешірім сұрады.

 Оның айтуынша, Талғар қаласында өткен кездесу жоспарланған екі сағаттың орнына төрт сағатқа созылып, мүгедектігі бар азаматтар ұзақ уақыт тікесінен тұруға мәжбүр болған. Сонымен қатар оларды бірнеше рет бөліп, сөздерін аяқтатпай қойған.

Шенеуніктің айтуынша, ол тәртіп орнатпақ болып, «мұндай жандардың өмірінде ауыр сынақтар бар екенін айтқысы келген», алайда ойын орыс тілінде дұрыс жеткізе алмаған.

«Мен өз сөзім көптеген адамдардың сезіміне, тіпті намысына тиді деп түсінемін. Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий