Алматы әкімдігі Михаил Шайдоровқа қымбат пәтер сыйламақ

20.06.2026 15:20 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы әкімдігі Михаил Шайдоровқа қымбат пәтер сыйламақ
161
Фото: ҰОК
120 миллион теңгелік лоттың сыры ашылды

Алматы қаласының әкімдігі Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылым басқармасының мәліметінше, спортшыға үш бөлмелі пәтер сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Баспананың ауданы шамамен 110-120 шаршы метрді құрайды, ал оған бюджеттен 120 миллион теңге бөлінген.

Ведомство өкілдері мұндай қолдау жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылардың еңбегін бағалау және олардың ел абыройын халықаралық аренада көтергені үшін көрсетілетін құрмет екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта пәтерді сатып алу рәсімі аяқталғанымен, тұрғын үйдің кілті әлі табысталған жоқ. Құжаттарды рәсімдеу және меншік құқығын беру бойынша қажетті жұмыстар жалғасып жатыр.

Жауапты мекеменің хабарлауынша, барлық заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін баспана Олимпиада чемпионына ресми түрде табысталады. Жоспар бойынша тұрғын үйді беру жұмыстары шілде айының ортасына дейін аяқталуы тиіс.

Войдите, чтобы оставить комментарий