Алматы клиникасында танымал блогер пластикалық ота кезінде көз жұмды

20.05.2026 21:23 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы клиникасында танымал блогер пластикалық ота кезінде көз жұмды
665
Танымал блогер Сауле Ермаханова ота үстінде көз жұмды деген ақпарат тарады

Алматы қаласында пластикалық ота кезінде белгілі блогер Сауле Ермаханованың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады,  деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Операция Smart Beauty Clinic клиникасында жасалғаны айтылуда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, блогер ота барысында жүрек талмасынан көз жұмған. Алайда кей деректерде қайғылы жағдай ота басталмай тұрып болғаны да айтылады.

HALYQSTAN арнасына түскен қысқаша хабарламада клиникада болған оқиғаға қатысты қайшылықты ақпарат берілген:

"Пациент көз жұмған клиника қазір жабық болғанымен онлайн жазылу жүйесі әлі де жұмыс істеп тұр",- деп айтылған.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова блогердің қайтыс болғанын растап, марқұмның өзіне туған сіңілісіндей болғанын айтты. Алайда продюсер нақты себебін ашып айтпады

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғағаны және клиникаға қатысты тексеру басталғаны хабарланды.

Ресми органдар мен клиника тарапынан бұл жағдайға байланысты толық түсініктеме әлі берілген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий