Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөзден

Қазақстандық сейсмометр станциялары жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 270 шақырым қашықтықта орналасқан.

"ҚР ТЖМ "СБЗҰОҒ" ЖШС сейсмостанциялар желісі 2025 жылдың 1 ақпанында Астана уақытымен сағат 7:05-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 41.038 с.е., 78.387 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа 270 шақырым жерде орналасқан", - делінген жер сілкінісі туралы жедел хабарламада.

Қазақстандық Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4.5 болған. Энергетикалық класы - 9.8.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу