Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырмақ болған: Астанада мас ер адам ұсталды

Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырмақ болған: Астанада мас ер адам ұсталды
Видеодан кадр

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйдегі ер адамның әрекеті тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол лифт есігін теуіп, балалар арбасын құлатып, кейін көршілердің бірінің пәтеріне кіріп кеткен. Оқиға 16 қазанға қараған түні «Айбике» тұрғын үй кешенінде болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның лифт есігін бірнеше рет тепкілеп, кіреберістегі балалар арбасын аударып жібергені көрінеді. Бұдан кейін ол іш киімін шешіп, арбаның ішіне дәрет сындыруға әрекеттенген.

Тұрғындардың айтуынша, ер адам мұнымен тоқтамай, бөтен пәтерге де кіріп кеткен. Ақырында көршілері араласып, оны күшпен тоқтатуға мәжбүр болған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 27 және 30 жастағы екі ер адам ұсталған. Олардың екеуі де ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін де жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу