Алматы маңындағы картон зауытында ірі өрт шықты (ВИДЕО)
842
Қарасай ауданында картон қоймасы отқа оранды
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан картон зауытының аумағында ірі өрт тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Алғашқы жеткен бөлімшелер ашық жалынның бар екенін анықтаған. Өрт қысқа уақыт ішінде күшейіп, кең аумаққа таралған. Қызыл жалын зауыттағы қойма ангарын толық шарпыған.
Төтенше жағдайлар қызметі жоғары дәрежедегі дабыл бойынша жұмыс істеуде. Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, зауыт ішінде адамдар болмаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...