Алматы метросында жолаушылар шұғыл эвакуацияланды
Метро жолаушылары қауіпсіздік үшін басқа пойызға ауыстырылды
Алматы метросында жолаушылар пойыздан эвакуацияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін шамамен сағат 17:00-де Алматы қаласындағы “Алатау” станциясында жылжымалы құрамда техникалық ақау тіркелді. Қауіпсіздік мақсатында пойыздағы барлық жолаушылар түсірілді.
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушыларды келесі келген электр пойызы алып кетіп, бағыт бойынша қозғалысын жалғастырған.
“Ақауы бар құрам “Москва” станциясындағы тұйық жолға жөнелтілді. Пойыз “Алатау” станциясынан 17:05-те шығарылды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, пойыздар қозғалысы кестеге сай қалыпты режимде жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...