Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

Алматы облысында  әскери тікұшақ жоғалып кетті
25.07.2025 15:27
0
506
Сурет: Ашық Дереккөз

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалды

25 шілде таңертең Алматы облысында Eurocopter EC-145 үлгісіндегі әскери тікұшақпен байланыс үзілген. Әскери әуе көлігі Отар маңында радардан жоғалып кеткен.

Қорғаныс министрлігінің алдын ала дерегінше, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Операцияға Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды.

«Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия аттанды. Барлық мән-жай анықталуда», – деп хабарлады министрлік.

Іздеу жұмыстарына ТЖД, РОСО және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері қатысып жатыр. Екі тікұшақ ұшырылып, жерүсті топтары да іске кірісті.

Тікұшақ Луговодан ұшып шығып, Отар ауданында байланысқа шығуды тоқтатқан.

"Авиация мен дрондарды қосқанда 100 – ден астам адам және 15-ке жуық техника тартылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта үш экипаж мүшесі болған. Іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий