Алматы облысында әйелді жиырмадан астам ит талап кетті
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданында әйелді иттер талап жатқаны көрінетін видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер талап кеткен. Зардап шеккен азаматша ауыр жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.
«Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеуде», – деді ПД өкілі.
Полиция 60 жастағы күдіктіні анықтаған. Ол – иттердің иесі. Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің көршісі өз үйінің аумағында шамамен 20–25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылға
Соңғы жаңалықтар