Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында былтыр қазан айында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Астана телеарнасының жазуынша, Қараой ауылының 1984 жылы туған тұрғыны қожалықтағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Осыдан кейін оның жұбайы полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, көршілес өңірлерден де іздеген.
Өткен жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар