Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды

14.10.2026 • 22:30 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды
246
Фото: iStock

Қарағандыда №29 бағыттағы автобустың жүргізушісі жолаушыларды алкогольдік масаң күйде тасымалдаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Медициналық тексеру нәтижесінде оның қанындағы алкоголь мөлшері 1,95 промилле болғаны анықталды.

Оқиғаға патрульдік полиция қызметкерлері Назарбаев даңғылында назар аударған. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамға жол бермеген. Осыдан кейін полицейлер қоғамдық көліктің соңынан ерген.

Келесі аялдамада тәртіп сақшылары жүргізушіге жақындамақ болғанымен, ол автобусты қайта жүргізіп, жолаушылармен бірге қозғалып кеткен. Көп ұзамай полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіні бағыттан шеттетті.

Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Қазір іс материалдары сотқа жолданған.

Жүргізушіге әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий