Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Ауруханаға түскен балалар саны артты

14.10.2026 • 23:17 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Ауруханаға түскен балалар саны артты
177
Фото: depositphotos.com

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген балалардың саны артты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Омбудсмен ауруханаға түскен балалардың жағдайымен танысып, оларды аралап шыққан. Оның айтуынша, қазіргі уақытта медициналық мекемеде 43 ұл және 5 қыз бала ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар ауруханаға тағы үш оқушы жеткізілген.

«Балалардың барлығы РФММ интернатында тұрады. Олар еліміздің әртүрлі облыстарынан келген. Жағдайлары тұрақты», – деп жазды Динара Закиева.

Осы оқиғадан кейін Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс Бостандық аудандық полиция басқармасының бөлімшесінде тіркелген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру қорытындысы да ескеріледі. Тергеу нәтижесінде балалардың жаппай улануына не себеп болғаны анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий