Алматы облысында жүргізуші тротуардағы адамдарды қағып кетті (ВИДЕО)
Алматы облысында жүргізуші тротуардағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл сәт видеоға түсіп қалған.Желіде тараған ақпарат бойынша, алкогольдік мас күйде болуы мүмкін Honda көлігінің жүргізушісі алдымен артқа қарай қозғалып келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
Кейін тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып, одан соң кептелісте тұрған көлікке соғылған.
Облыстық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Тергеу аясында қажетті алғашқы процессуалдық іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты әрі объективті анықтауға және заң талаптарына сәйкес түпкілікті процессуалдық шешім қабылдауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылдануда », - дейді полицейлер.
Соңғы жаңалықтар