Алматыда 14 қылмысты жасырған тергеуші бостандықта қалатын болды
Алматыда 14 қылмысты тіркемей жасырған бұрынғы тергеушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
ІТергеу деректеріне сәйкес, күдікті 14 қылмыстың жасалғанын біле тұра, оларды әдейі тіркеуден жасырған. Нәтижесінде құқық бұзушылықтар ресми есепке алынбаған.
Құзырлы органдар оның кінәсі толық дәлелденгенін хабарлады.
Сот шешімі бойынша, экс-тергеушінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сондай-ақ оған 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды, «полиция лейтенанты» арнайы атағынан айырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...