Алматыда әл-Фараби даңғылында тағы бір адам жол апатынан көз жұмды
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында адам өлімімен аяқталған тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып, қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 25 наурыз күні түнгі уақытта жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жолды кесіп өткен әйелді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты болған еді. Батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr электромобилі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында қаза тапты. Zeekr көлігінің жүргізушісі аман қалып, жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар