Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды
Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алматыда биыл наурыз айында елді дүрліктірген оқиға бойынша сот үкімі шықты.
Машрапбек Баратов есімді азамат 2024 жылдың 7 наурызында әуежай қызметкерін пышақпен қорқытып, кепілге алған. Ол құжатсыз басқа қалаға ұшқысы келген. Қызметкер одан билет пен құжат сұраған кезде, ер адам шабуыл жасап, ұшу аймағына қарай өтіп кеткен. Сол сәтте ол сөмкесінде бомба барын айтып, әуежайды жарып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсеткен.
Сот шешімі бойынша Баратовқа 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған қоса, оның 2023 жылғы ісі бойынша бұрын тағайындалған бас бостандығын шектеу мерзімі де есепке алынып, жалпы жаза 11 жыл болып бекітілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
14:23
«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтт...
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс
27.10.2026
12:59
«Нағыз патриот заңға бағынады»: Бектенов кімдер...
27.10.2026
12:44
Зікіршілер жамағатының жетекшісі Исматулла Мақс...