Алматыда автобус отыз жастағы әйелді қағып өлтірді
353
Алматының «Орбита» шағын ауданында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, 1996 жылы туған әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға бүгін сағат 12:20-да Мустафин көшесінде болған.
"Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мустафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолды шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылғы жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жүргінші оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Адам өліміне әкеп соқтырған ЖКО фактісі бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Куәгерлер түсірген бейнежазбадан оқиға орнында «АвтоАлмаТранс» ЖШС жеке автопаркіне тиесілі №119 бағыттағы автобустың тұрғанын көруге болады.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады