Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды
Алматыда №92 бағыттағы автобус жүргізушісі жұмыс кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Alash.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қаңтар күні Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, рейс барысында жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған болуы мүмкін.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың бірі дер кезінде әрекет етіп, автобусты тоқтатуға көмектескен. Соның арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алынды.
Өкінішке қарай, жүргізушінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, ресми органдардың түсіндірмесі күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...