Алматыда әйелдің денесінен 25 келілік қатерлі ісік алынды

20.03.2026 20:54 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда әйелдің денесінен 25 келілік қатерлі ісік алынды
260
Алматыда сирек кездесетін ірі ісікке күрделі ота жасалды

Алматыда дәрігерлер салмағы шамамен 25 келі болатын ірі ісікті сәтті алып тастады, деп хабарлайды Politico.kz.

1957 жылы туған әйел бірнеше ай бойы дәрігерге қаралмай, өз бетінше емделуге тырысқан. Ол түрлі биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) қабылдап, тіпті оларды сатып алу үшін несие де рәсімдеген. Жақындарының айтуынша, науқас өз жағдайын ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Осы уақыт ішінде ісік тез ұлғайып кеткен.

Әйелдің жағдайы күрт нашарлаған соң ғана ол онкологиялық орталыққа жүгінген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер оның құрсақ қуысы мен жамбас аймағында көлемі шамамен 55×35 сантиметр болатын алып ісік барын анықтаған. Ісік іс жүзінде бүкіл құрсақ қуысын алып жатқан.

Мамандар шұғыл түрде ота жасау туралы шешім қабылдады. Екі сағаттан астам уақытқа созылған күрделі операция сәтті өтіп, ісік толықтай алынды.

Гистологиялық зерттеу нәтижесінде науқасқа Липосаркома диагнозы қойылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта әйел химиотерапия курсынан өтіп, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий