Алматыда Есмұхан Обаевпен қоштасу рәсімі өтті

17.04.2026 16:22 Мөлдір Талғат
Алматыда Есмұхан Обаевпен қоштасу рәсімі өтті
106
Gov.kz

Бүгін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратында Қазақстанның халық әртісі, көрнекті режиссер, профессор Есмұхан Несіпбайұлы Обаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, зиялы қауым өкілдері, шәкірттері мен марқұмның жақындары қатысты.

Есмұхан Обаев ұзақ жылдар бойы еліміздің жетекші театрларында еңбек етіп, мазмұнды әрі көркемдік деңгейі жоғары қойылымдарымен көрерменнің ықыласына бөленді. Оның шығармашылық жолы ұлттық құндылықтар мен мәдени тәуелсіздік идеясымен тығыз байланысты болды.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды көңіл айту жеделхатында марқұмның ел мәдениетіне қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

"Есмұхан ағамыздың өмірлік ұстанымы мен шығармашылық мұрасы елдік мүддемен сабақтас болды. Оның жарқын бейнесі мен ғибратты ғұмыры ел жадында мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Есмұхан Обаев қазақ театр режиссурасын жаңа деңгейге көтерген көрнекті тұлғалардың бірі саналады. Оның жетекшілігімен сахналанған классикалық және заманауи қойылымдар ұлттық мәдениеттің алтын қорына енді.

Сонымен қатар, профессор ретінде ол өнер саласына көптеген талантты шәкірт тәрбиелеп, ұлттық театрдың дамуына зор үлес қосты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий