Алматыда көлік бес адамды қағып кетті
Алматының Медеу ауданында автокөліктің жаяу жүргіншілерді қағуы салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
«Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасы.
Полиция мәліметінше, жол апаты сағат 8.20-да Зенков көшесінде болған. Audi автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, жолдың жүру бөлігінде болған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Осыдан кейін көлік қозғалысын жалғастырып, жол жиегінде тұрған Toyota автокөлігіне соғылған. Соққыдан Toyota инерциямен жанында тұрған Subaru автокөлігін қаққан.
Соқтығысу кезінде Toyota және Subaru жүргізушілері өз көліктерінің ішінде болмағаны хабарланды.
Қазіргі уақытта апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...