Алматыда оқушы жүргізген көлік үйдің қоршауына соғылды

02.09.2026 09:27 Әсел МҰРАТ
Алматыда оқушы жүргізген көлік үйдің қоршауына соғылды
356
Фото: видеодан скрин

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім жол талғамайтын көліктің тізгініне отырып, жеке үйдің қоршауына соғылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматыдағы жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Алматыдағы Артиллерия көшесінде Nissan Patrol көлігін тізгіндеген оқушы рөлге ие бола алмай, жеке үйдің қоршауына соғылды. Оқырман жолдаған кадрлардан соққыдан тас қоршаудың бір бөлігі мен қақпа толығымен қирағанын көруге болады», - делінген жазбада.

Алматы қалалық полиция департаменті тілшімізге жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйекте сағат 10:00-де Түрксіб ауданында болғанын хабарлады.

«Nissan көлігін басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерия көшесімен қиылыста ол рөлге ие бола алмай, жеке үйдің темір қоршауына соғылды. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған жүргізушінің ата-анасы жауапқа тартылады», - деп хабарлады полиция.

Войдите, чтобы оставить комментарий