Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты елең еткізген болжам тарады
Тележүргізуші Динара Сәтжанның әлеуметтік желіде жарияланған видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Желі қолданушылары оның сахнадағы бейнесіне қарап, жүктілігі туралы болжам жасап, құттықтау тілектерін жаудырған.
15 қазанда Алматыда өткен BeWoman Asia форумына спикер ретінде қатысқан Динара Сәтжанның видеосы жарияланғаннан кейін көпшіліктің назары оған ауды. Кейбір оқырмандар тележүргізушінің сәби күтіп жүруі мүмкін екенін айтып, пікірлер қалдыра бастаған.
Оның жеке парақшасындағы жазбаның астына да түрлі пікір жазылған. Бірі Динараны болашақ ана ретінде құттықтаса, енді бірі жүкті әйелдің ерекше сұлулығын атап өткен.
«Аяғы ауыр келіншек — ең сұлу келіншек. Құттықтаймын сізді, Динара», — деп жазған оқырмандардың бірі.
Дегенмен Динара Сәтжанның жүктілігі туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Тележүргізуші де бұл болжамға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған. Сондықтан желіде тараған әңгімелер әзірге оқырмандардың жорамалынан аспайды.
Соңғы жаңалықтар