Алматыда ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылуы мүмкін
Алматыда Владимир Жириновскийге арналған ескерткіш тақта орнатылуы мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматыға жұмыс сапарымен Ресей саясаткері және Мемлекеттік думасының депутаты Сергей Леонов келді. Ол Қазақстанға сапары барысында қаладағы Владимир Жириновский дүниеге келген әрі балалық шағын өткізген үйді аралады.
Аталған нысан Алматы қаласының орталығында Масанчи көшесі, 79 мекенжайында орналасқан. Мәліметтерге сәйкес, саясаткер №3 пәтерде, екі қабатты үйдің екінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде тұрған.
Үйді аралап шыққаннан кейін Сергей Леонов ғимарат қабырғасына ескерткіш тақта орнату бастамасын көтерді. Оның айтуынша, бұл сапар Владимир Жириновскийнің туғанына 80 жыл толу қарсаңында символдық мәнге ие.
«Егер осы үйдің қабырғасында Владимир Жириновскийнің осы жерде туғанын білдіретін ескерткіш тақта орнатылса, көп адам бұл тарихи орын туралы білер еді және саясаткердің өмірімен жақынырақ танысар еді», — деді ол.
Соңғы жаңалықтар