Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды

13.08.2026 23:28 Қарақат АСЫЛОВА
Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды
221
Ашық дереккөз

Англия Премьер-лигасының ресми сайтында 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың ойыншы ретіндегі жеке карточкасы пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Футболшының профилінде оның лондондық «Челси» клубының ойыншысы екені және 36-нөмірмен өнер көрсететіні көрсетілген. Сонымен қатар карточкада Сатпаевтың Қазақстан азаматы екені, 2008 жылғы 12 тамызда дүниеге келгені және шабуылшы позициясында ойнайтыны жазылған.

Сатпаев 12 тамызда 18 жасқа толған. Осыдан кейін оның «Челсиге» ауысуына қатысты рәсімдер аяқталып, футболшының деректері Премьер-лиганың ресми базасына енгізілді.

Қазақстандық футболшы бұған дейін лондондық клубтың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде гол соққан.

Сонымен қатар оның Премьер-лиганың ресми базасына енгізілуі Сатпаевтың маусым бойы міндетті түрде негізгі құрамда ойнайтынын білдірмейді. «Челси» клубы трансферлік терезе жабылғанға дейін оны командада қалдыруы немесе ойын тәжірибесін арттыру үшін жалға беруі мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий