Алматыда студент оқытушыны пышақтаған
1915
Алматыда жоғары оқу орындарының бірінің студенті оқытушыға пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Politico.kz Qumash-қа сілтеме жасап.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға студенттің алған бағасына байланысты болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермейтінін нақтылады.
«Университетте бізге оның басқа кафедрада оқитыны және жәбірленуші оған сабақ бермейтіні айтылды. Олар бір-бірін жеке танымаған (қазіргі уақытта себептері анықталып жатыр). Топтағы студенттердің сөзінше, жігіт бұрын агрессия танытпаған, сабырлы әрі тұйық мінезді болған», – делінген Qumash хабарламасында.
Оқиғадан кейін полиция күдіктіні ұстады. Оқытушы ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Университет мәліметінше, жарақаттан өміріне қауіп төнбеген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
13.08.2026
23:28
Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі...
13.08.2026
22:22
Жантүршігерлік сәт: Алматыда автобустың әйелді ...
13.08.2026
21:09
«Пәтер алып беремін» деген мұғалім 22 млн теңге...
13.08.2026
20:08
Нұрай Серікбайдың анасы сот үкімінен кейін көз ...
13.08.2026
19:07
Алматыдағы крематорийге шетелдіктер де ағылған:...
13.08.2026
18:45
Тоқаев Ұлттық банк басшысынан есеп алды