Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
108
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы — «Алтын Қыран» орденін табыстады. Ел Президенті неміс көшбасшысының екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Politico.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапы Франк-Вальтер Штайнмайерді сенімді дос әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде құрметтейтінін атап өтті. Салтанатты түрде табысталған бұл орден — қазақ халқының неміс халқының басшысына деген ықыласы мен алғысының нышаны.
Өз кезегінде Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанның және ел халқының өзі үшін орны бөлек екенін білдірді. ГФР Президенті екі елдің бірлескен күш-жігері арқылы бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынына тоқталып, Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі берік сипатына кәміл сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...
29.09.2026
17:15
Аза тұту күні TikTok-та билеген петропавлдық бл...