Алматыда үш адам қаза тапқан жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі туралы не белгілі
Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылында орын алған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасында Zeekr автокөлігін 32 жастағы кәсіпкер басқарған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Жүргізуші кім?
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде Александр Пак болған. Ол көлік саласында жұмыс істейтін екі компанияның құрылтайшысы:
«ГУ ХОЗУ Алматы» ЖШС
«Глобал Партнер» ЖШС
Екі компания да оның тұрғылықты мекенжайында тіркелген.
Журналистің айтуынша «ГУ ХОЗУ Алматы» 2025 жылы құрылып, бір жыл ішінде шамамен 500 мың теңге салық төлеген, «Глобал Партнер» 2024 жылдың күзінен бері бюджетке 50 млн теңгеден астам қаржы аударған
Жол апаты қалай болды?
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат 21 наурыз күні таңғы 03:30 шамасында Медеу ауданында — Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған.
Алдын ала дерекке сәйкес Zeekr жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады