Алматыдағы қонақ үйлер Бакумен салыстырғанда 3,5 есе аз – Инвесторларға жаңа кредит берілмек
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаланың туристік әлеуетін тежеп отырған негізгі факторларды айтып берді. Атап айтқанда, бұл – нөмірлік қордың шектелуі және MICE және EVENT туризмін дамыту үшін маманданған инфрақұрылымның болмауы.
Инвесторларды ынталандыру мақсатында «Бәйтерек» ұлттық қоры мен Алматы ӘКК желісі бойынша «Almaty tourism» жаңа кредиттік өнімі арқылы туристік сала жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда мегаполисте инвесторлар 227 млрд теңгеге 3,3 мың нөмір болатын 7 қонақ үй салып жатыр, 16 қонақ үйді жобалады. Аталған шаралар үш жыл ішінде нөмірлік қорды 17 мың нөмірге дейін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.«Алматы қаласында бүгінде 11 400 нөмірі бар 354 қонақ үй жүмыс істейді. Бұл Бакумен салыстырғанда 3,5 есе, Тблисиден – 2,7 есе, Ташкенттен – 2 есе төмен. Осыған байланысты жаңа қонақ үйлер құрылысына ерекше назар аударып отырмыз», - Е.Досаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда қалада 8,5-12 мың орынға Freedom Hall, мың орынға Swissotel Grand Hall нысандары жобаланып жатыр.«Туристік қызметтер экспортын арттыру мақсатында Алматы қаласы жоғары әлеуетке ие MICE және EVENT туризмін белсенді дамытуда. Алайда Республика сарайы, Атакент секілді мамандандырылған нысандардың тозуына, халықаралық көрме стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қала көпфункциялы көрмелік және концерт және іс-шара алаңдары ретінде таныла алмайды. Ал бұл Алматының туристік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті әкім.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...