Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл жазды ма?

14.08.2026 23:14 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл жазды ма?
268
Ашық дереккөз

Алматыда жарықтың жаппай өшуінен кейін бірнеше көшеде бағдаршамдар да істен шығып, жол қозғалысын полицейлер қолмен реттеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Осы сәтте жүргізушілерді «Сергек» камераларының жұмысы және жарық болмаған кезде жол ережесін бұзғандарға айыппұл келе ме деген сұрақ алаңдатты.

Sergek Group өкілдерінің айтуынша, электр энергиясы өшкен кезде камералардың бір бөлігі жұмысын тоқтатпаған. Себебі кейбір кешендер автономды қуат көздерімен жабдықталған.

Дегенмен бағдаршам жұмыс істемей тұрған кезде қызыл шамға өту немесе стоп-сызықтан асу сияқты бұзушылықтар тіркелмейді. «Сергек» жүйесі бағдаршамның жағдайын бақылап, оның электр қуатынан ажыратылғанын анықтай алады.

Ал жылдамдықты асыру секілді басқа да жол ережесін бұзушылықтар тіркелуі мүмкін. Автономды қуатпен жұмыс істеген камералар мұндай фактілерді бақылауды жалғастырған.

Компания жүргізушілерге жарықтың өшуін жол ережесін сақтамауға себеп ретінде қарастырмауға кеңес берді.

Войдите, чтобы оставить комментарий