2044 жылға дейін баю үшін қай салаға бару керек?

14.08.2026 22:50 Томирис САҒЫНДЫҚ
2044 жылға дейін баю үшін қай салаға бару керек?
68
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Фэншуй маманы Ирина Раззах тоғызыншы кезеңде, яғни 2024 жылдан бастап 2044 жылға дейін қай сала мамандарының бақытты әрі табысты болатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы маман «Жұлдыздар сөйлесін» подкастында әңгімеледі.

«Жалпы адамның бақытты әрі бай өмір сүруі үшін оның миы икемді болуы керек. Өйткені, кейбір адамдар бұрынғы КСРО уақытын аңсап жүреді. КСРО-ның уақытында қалып қойған адамдар бар. Кейбіреулер Назарбаевтың дәуірін аңсап жүреді: «Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде бұлай емес еді» дейді. Ал енді бір адамдар әлі келмеген өмірді аңсап жүреді. Сен осы дәуіріңе жарау үшін икемді болуың керексің. Себебі ойың икемді болған кезде сен барлық нәрсені қабылдайсың. Қабылдамай жатқан – өзге емес, сен ғанасың. Оның зардабын шегіп жатқан да – қабылдамаған өзіңсің. Сол үшін сеңің мақсатың – өзіңді алып шығу. Мен «мынадай бір профессия болсын» деп айта алмаймын, әркім өзінің мамандығын жасай берсін. Бұған қоса тренд нәрселерді, мысалы, онлайнды қосу керек пе – қоссын, билеу керек пе – билесін, ән айту керек пе – ән айтсын, депутаттыққа барғысы келе ме – қорықпастан барсын», – деді Ирина Раззах.

Ары қарай маман сурет өнері саласының болашағына тоқталды.

«Әдемілік саласы әрі қарай дами береді. «Отқа» қараған кезде: «Әдемілік сені завороживает» деп айтқан едім. Сол үшін де бізде сурет саласы дамиды. Сурет сататындар да көбейеді. Бір кісі бар, мен ол кісіге жазылғанмын, ол өте жарқын картиналар сатады. Ол кісінің суреттері өте дамитын болады. Қазір суреттерде әртүрлі ашық, жарқын түстерді қорықпастан қолданады, ол да жақсы. Сонымен қатар әдемілік дамиды: бәріміздің де әдемі киінгіміз, әдемі болғымыз келеді, сұлулық салондары дамиды. Содан соң суретке түсу ісі дамиды», – деді фэншуй маман.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий