Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де тіркелген.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде, ал Есік қаласынан шығысқа қарай 31 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0 балды құрады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу