Алматыда жол апатынан екі қыз қаза тапты
581
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында Mercedes-Benz G-Class және Suzuki SX4 автокөліктері соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Алатау ауданында түнгі сағат 03:10 шамасында болған. Алдын ала дерек бойынша, батыс бағытта бара жатқан Suzuki жүргізушісі бұрылыс жасамақ болған кезде қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігіне соғылған.
Соқтығыс салдарынан Suzuki жүргізушісі мен оның бір жолаушысы алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті. Ал осы көліктің тағы бір жолаушысы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Мән-жай анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...