Алматыда жұрттың мазасын алған қайыршылар елден шығарылды
2809
Алматы көшелерінде адамдарға тиісіп, ақша бермегендерге тас лақтырған Тәжікстан азаматтары сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Соттың қаулысымен оларға ел аумағына қайта кіруге тыйым салына отырып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді Алматы қаласының полиция департаменті.
Бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше қыздың өтіп бара жатқан тұрғындарды тоқтатып, күштеп қаражат сұрағаны түсірілген видео тараған еді. Олар ақша беруден бас тартқандарға тас лақтырып, қоғамдық орында жанжал шығарған.
Оқиғадан кейін тәртіп сақшылары қыздарды тауып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Тексеру барысында жасөспірімдердің Тәжікстан Республикасынан келгені белгілі болды.
Ал олардың заңды өкілдері бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...