Алматыда қайыр сұрап, тас лақтырған жасөспірімдер елден шығарылады (ВИДЕО)

03.04.2026 11:39 Әсел Мұрат
Алматыда қайыр сұрап, тас лақтырған жасөспірімдер елден шығарылады (ВИДЕО)
211
Фото: видеодан скрин

Полиция олардың Тәжікстан азаматтары екенін хабарлап, қазір оларды елден шығару мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде осы қыздардың агрессивті әрекеттері бейнеленген видеолар кеңінен тарады. 

Онда олардың өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, ақша талап еткені, ал ақша бермегендеріне тас лақтырып, тіпті жанжал шығарғаны көрінеді. 

Сондай-ақ кейбір тұрғындардың жеке заттарын тартып алғаны туралы да айтылады.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған іс бойынша Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары тарапынан тексеру іс-шаралары жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып, аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілгенін хабарлады.

Анықталғандай, жасөспірімдер Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты.

«Олар толықтай Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Оларға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан көші-қон заңнамасы шеңберінде ел аумағынан шығару шаралары қабылданып жатыр», - деп хабарлады полиция.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий