Алматыдағы қанға боялған пәтер туралы тың дерек шықты
Алматыда пәтерін жалға беріп, кейін тексеруге келген үй иесі ішіндегі көріністен шошып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Пәтерде жиһаздар төңкеріліп, ыдыс-аяқ сынған, ал қабырғалар мен еденде қан іздері байқалған. Желіде аталған тұрғын үйдің видеосы таралып, кадрлардан үй ішінде қырғын болғандай әсер қалдырған. Жазба авторлары бұл баспана жалға берілген пәтер екенін атап өткен.
Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz сауалына жауап бере отырып, пәтерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалмағанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде болған.
Полиция өкілдері пәтерде апалы-сіңілі екі қыздың болғанын айтты.
«Сынған шыны бөтелке қыздардың бірінің аяғын кесіп кеткен. Оқиға орнындағы қан іздерінің көп болуы осы жарақатпен байланысты» деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Сондай-ақ полицейлер қыздармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Ведомство бұл жағдайдың тұрмыстық сипатта болғанын және қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ екенін нақтылады.
Соңғы жаңалықтар