Алматыдағы үш университетке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар тарады
Алматыда бірден үш жоғары оқу орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері барып, ғимараттар мен олардың айналасын тексерді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күмәнді хабарламалар қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан үш университетке қатысты болған.
«Оқиғаға жедел әрекет ету шаралары аясында аталған нысандарға шұғыл қызметтер жіберілді. Ғимараттар мен оларға іргелес аумақтар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, кешенді тексеруден өткізілді», деп хабарлады полиция.
Алайда тексеріс кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
«Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ», деп мәлімдеді Алматы полициясы.
Әзірге хабарламалардың кімнен түскені және нақты қай университеттерге қатысты болғаны айтылмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
13:29
Екі айға қамалған Navai бір апта өтпей босатылды
20.10.2026
12:56
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен вакциналарды тасыма...
20.10.2026
12:52
Бұрынғы әкімнің үйінен 45 миллион теңге ұрланға...
20.10.2026
12:48
Есіркі контрабандасы күдігімен қамауда отырған ...
20.10.2026
12:32
Алматыдағы үш университетке жарылғыш зат қойылғ...
20.10.2026
12:17
Кореяда қазақстандық азамат жүргізушілерге қоқа...