Алматыдағы зауытта жарылыстан зардап шеккендердің барлығы қайтыс болды

Алматыдағы зауытта жарылыстан зардап шеккендердің барлығы қайтыс болды
Фото: Видеодан кадр

Алматыда ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккендердің барлығы қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы «АзияАгроФуд» компаниясы мәлімдеді. 

«Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды компания өз мойнына алады. Сондай-ақ марқұм болған әріптестеріміздің артында қарыздары болса, толық өтеледі», - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, 23 мамыр күні Алматы облысы Жібек жолы ауылында орналасқан «АзияАгроФуд» зауытында жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам зардап шеккен еді.  

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу