Алты айлық баласымен жалғыз қалған: Айгүл Иманбаева ауыр сынағы туралы айтты
Актриса Айгүл Иманбаева 22 жасында өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірін бастан өткергенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, алғашқы ажырасуы оның тағдырын түбегейлі өзгерткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Айгүл Иманбаева университетті тәмамдағаннан кейін күйеуінен ажырасып, қолындағы алты-жеті айлық сәбиімен анасының үйіне оралғанын еске алды.
«Еркелеп өскен Айгүл аяқ астынан жоқшылық көрді. Баламды ауылда анама қалдырып, өзім Алматыға келіп, төрт-бес жерде қатар жұмыс істедім. Ауылдағы сөз бен намыс мені алға жетеледі», – деді актриса.
Өнер иесінің айтуынша, дәл сол қиын кезеңдер оған өмірдің шынайы бағасын түсіндірген.
«Адаспаймын деп жүріп адастым, бірақ сол арқылы өз жолымды таптым. Аштық пен тоқтықтың, баршылық пен жоқшылықтың қадірін сол кезде ұқтым», – деді Айгүл Иманбаева.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...