"Алты жыл бойы ашқарынға энергетик іштім". Марқұм Мұрат Бисембин соңғы сұхбатында не деді?
Қатерлі ісікпен бір жылдан аса уақыт күресіп, ақыры дерті жеңген Мұрат Бисенбин Динара Сәтжанға берген соңғы сұхбатында алты жыл энергетик ішкенін айтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Сондай-ақ ашығудың денсаулыққы тигізер пайдасы туралы да мәлімдеген.
“6 жылдан бері ашығу режимін ұстаймын. Спортпен шұғылданамын. Бірақ салмағым сол күйі тұрды. Әйелім байқап, дабыл қақты. Егер асқазаныңызда ешқандай мәселе болмаса жиі ашығып тұрған дұрыс. Одан қорқудың қажеті жоқ. Одан кейін алты жыл бойы ашқарынға энергетик сусын іштім. Сосын қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Осылар менің тәбетімді тежейді деп ойладым. Өйткені қанша тамақ ішіп, спортпен айналыссам да, салмақ қоспадым. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі – салмақ жинай алмай қалу екен. Бірақ сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден бір себебі де осы зиянды сусындар болуы мүмкін”, – дейді актер.
Еске салайық, танымал актер кеше ауыр дерттен көз жұмған еді.
Соңғы жаңалықтар