«Алжыған деген осы»: Мақпал Жүнісова сахнада елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

28.10.2025 16:23 Нақыпбек Фатима
«Алжыған деген осы»: Мақпал Жүнісова сахнада елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)
0
830
Скриншот видеодан алынды

Танымал әнші Мақпал Жүнісованың концертінен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Домбырамен көрермендерінің алдында ән салған ол ұзақ шертіп отырып, сөзін ұмытып қалғанын мойындады.

«Масқара-ай, сөзін ұмытып қалдым. Кім біледі? «Алжыған» деген осы ғой», – деп тыңдармандарын күлдірді әнші.

Біраздан кейін әннің сөзі есіне түсіп, ол өнерін жалғастырып кетті.
Видео көп қаралым жинап, екі мыңнан аса пікір жазылған.

«Қылығымен, қарапайымдылығымен сүйкімді ғой, неше қайтара көріп күлдік», «Қазақтың ерке қызына не айтса да жарасады», «Мақпалда жасандылық жоқ, бәрі шынайы», «Еш айыбы жоқ», «Осы Мақпалдай болу керек – нағыз шыншыл адам» деген сынды жылы пікірлер жазылды.

@koremiz.top

Мақпал апамыз жарды🤣❤️

♬ оригинальный звук - Koremiz Top
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий