Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды
АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды politico.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы белгілі журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсезім айтты.
Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ… Неткен өкініш… Неткен қасірет… Динара, кешір мені, кеш бізді… Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің… Қош бол, Жарық Күн. P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын, - деп жазды ол.Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны американдықтар алты жасында асырап алған екен. Ол психология мамандығы бойынша оқыған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...
02.11.2026
16:22
Тоқаевтың ұсынысынан кейін Кремль үн қатты: Рес...
02.11.2026
16:18
Қазақстанда жол саласындағы заңбұзушылықтардан ...
02.11.2026
16:06
Тоқаев екі жыл бұрынғы тапсырмаларын тексеруге ...