"Әлгі бір құттықтауға ұқсайды": Ұшақ бортында анасын құттықтаған бортсерік желіде жұлдыз болды

Әлеуметтік желіде рейстердің бірінде бортсеріктің анасын туған күнімен құттықтаған сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұл жағдай жолаушылардың ыстық ықыласына бөленсе, желі қолданушылары арасында әзіл-қалжыңға арқау болды.
Кадрдан ұшу алдында бортсеріктің жолаушыларға арнап сөз сөйлегенін көруге болады. Ол алдымен рейстің сәл кешіккені үшін кешірім сұрап, одан кейін жолаушылардың рұқсатымен анасына жүрекжарды лебізін білдірген.
«Құрметті жолаушылар, жолға сәл кешіккеніміз үшін кешірім өтінемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен анашымның туған күнімен құттықтағым келеді. Анашым, әкетай екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық, рахмет», – дейді ол.
Ұшақ бортындағы жолаушылар бұл әсерлі сәтті қошеметпен қарсы алып, дуылдата қол соққан.
Алайда, видео ғаламторға тарағаннан кейін желі қолданушыларының пікірі әзілге ұласты. Көпшілік бортсеріктің бұл әрекетін қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың Парламентте жеке құттықтау айтқан сәтімен салыстырып, түрлі пікір жазған. «Бұл саған парламент па?», «Рұқсат жоқ тек мәжліс залында құттықтайсын», «Әлгі бір құттықтауға ұқсайды» деген секілді пікірлер жиі кездеседі.
Соңғы жаңалықтар




