«Әңгіме 4 млн баланың болашағы туралы»: Аймағамбетов мектептерді аудан әкімдеріне беруге қарсы шықты

22.04.2026 20:41 Қарақат АСЫЛОВА
«Әңгіме 4 млн баланың болашағы туралы»: Аймағамбетов мектептерді аудан әкімдеріне беруге қарсы шықты
319
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжілісте мектептерді басқару жүйесіне қатысты заң жобасы талқыланды

Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін түзету жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ertenmedia.kz-ке сілтемемен.

Талқылау барысында мектептерді басқару жүйесіне қатысты мәселе қызу пікірталас тудырды. Депутат Асхат Аймағамбетов мектептерді қайтадан аудан әкімдерінің қарамағына беру бастамасына қарсы шықты.

Аймағамбетовтың айтуынша, елімізде қазір 4 миллионға жуық оқушы білім алып жатыр. Ол мұндай маңызды шешімдер тікелей олардың болашағына әсер ететінін атап өтті. Депутаттың пікірінше, мектептерді аудандық деңгейге қайтару білім беру жүйесінің сапасына қауіп төндіруі мүмкін. Себебі бұған дейінгі тәжірибеде білім беру мекемелері жиі жергілікті басқару жүйесінде екінші кезекте қалып келген.

Аймағамбетов 2021 жылы жүргізілген реформалар білім беру саласындағы бірқатар проблемаларды ашқанын және облыстық деңгейде бақылауды күшейткенін айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістер ұзақ жылдар бойы жасырын келген мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін әшкерелеуге мүмкіндік берген.

Депутаттың айтуынша, бұрын мұғалімдер оқу процесінен гөрі түрлі ұйымдастыру жұмыстарына көбірек тартылған. Қазіргі жүйе осы жүктемені азайтып, педагогтердің негізгі міндетіне – білім беруге назар аударуына жағдай жасаған.

Аймағамбетов мектептерді толық аудан әкімдеріне қайтарудың орнына аралас басқару моделін ұсынды. Оның пікірінше, білім мазмұны мен кадр саясаты облыстық деңгейде қалуы тиіс, ал шаруашылық және инфрақұрылымдық мәселелер аудан әкімдіктеріне берілуі мүмкін.

Депутат аудандық білім бөлімдері жойылмағанын, тек олардың бағыныстылығы өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, білім беру жүйесінде кез келген өзгеріс ең алдымен балалардың мүддесін ескеруі қажет.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий