Әнші Ерболат Құдайберген арнайы медициналық мекемеге жатқызылды (ВИДЕО)

18.02.2026 17:23 Әсел Мұрат
Әнші Ерболат Құдайберген арнайы медициналық мекемеге жатқызылды (ВИДЕО)
164
Фото: видеодан скрин

Өткен аптада танымал әнші Ерболат Құдайбергеннің оның мас күйде болған видеосы тараған еді. Полиция оның медициналық мекемеге жеткізілгенін растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті әншіге қатысты шағым көпқабатты үйлердің тұрғындарынан түскенін хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, көпқабатты үйдің тұрғыны көршісінің ашуланып, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын айтқан. Оқиға орнына учаскелік инспектор барған. Полицейлер барғанда ол агрессия көрсетіп, айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген. Кейін ол медициналық куәландырудан өтуге жіберілген. 

Полиция мәліметінше, әнші 15 тәулікке арнайы медициналық мекемеге жатқызылды.

«Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге мамандардың бақылауына орналастырылды», - делінген полиция хабарламасында. 

Полиция әншінің бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғанын атап өтті.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий